Казахстан

Самат Жанғазин — Ағаларым ТЕКСТ

Самат Жанғазин — Ағаларым ТЕКСТ

1)
Ағаларды пір тұтады інілер
Аға деген, тау тұлға ғой ірілер
Ағасы бар інілерің бақытты,
Ақыл сұрап, ағасына жүгінер

Ағаң болса, іні болып құрметте
Жүре берші, сен ағаңды үлгі етте,
Аға деген сенің асыл ақылшың,
Мақтан етіп, сен ағаңды жүр көпке

Қ-сы)
Ағаларым асыл менің Мақтанар
Ағаң барда, көңіліңде шат болар,
Ағаларым еліміздің тірегі
Аға барда, елімізге бақ қонар

Ағаларым алашымның Айбары
Ағаларым елдің қамын ойлайды,
Ағаларым тіреп тұрған, ұлы елім
Құламасын қазағымның байрағы

2)
Аға деген, сенің қалың орманың
Аға деген, қамқоршы да қорғаның,
Ағаң барда, уайымдама ешқашан
Ағаң барда орындалар арманың

Ағаң болса ал ағаңның батасын
Сол бата мен, өмір дәмін татасын,
Ағаларды құрметтейік іні боп,
Ағаларым мәңгі ісімен жасасын.

Қ-сы)